Мемлекет басшысы мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) енгізу қате болғанын айтқан еді
Пәтер иелері кооперативін (ПИК, КСК) жойып, тұрғын үйді басқарудың жаңа тетігін енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрлеріне (МИБ/ҚС) көшіру жөнінде кеңес өткізді. Жиынға құрылыс және ТКШ істері комитетінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, «Астана ЕРЦ» ЖШС, ПИК, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі мен Әділет департаментінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында ПИК-ті ерікті түрде және мәжбүрлеп жою мәселесі, бірыңғай есеп айырысу орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу, сондай-ақ ТКШ саласындағы заңда қабылданған жаңа өзгерістер түсіндірілді.
Осы аптада жоғарыда айтылған заңды тұлғалық негізде басқарылатын ұйымды кезең-кезеңімен таратудың тәртібі ұсынылады. Құжатпен «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, президент тұрғын үйді басқарудағы олқылықты атаған еді.