Ақ үй басшысы биыл қараша айында 80 жасқа толады
АҚШ президенті Джо Байден ресми түрде 2024 жылғы президенттік сайлауға түсетінін айтты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Байден саяси додаға Демократиялық партияның атынан түседі. Сонымен бірге Оңтүстік Каролина штатының бұрынғы республикашыл губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болған Никки Хейли де 2024 жылғы президент сайлауына түсуге дайын екенін мәлімдеді.
Демократиялық партияның тағы бір өкілі Камала Харрис вице-президенттік лауазым үшін сайлауға түсетінін айтты.
АҚШ президенті биыл қараша айында 80 жасқа толады. Ол – АҚШ тарихындағы ең егде президент.
Джо Байден алғаш рет мемлекет басшысы лауазымына қайта сайлануға қатысу туралы жоспарын былтыр 9 қарашада айтқан болатын. Алайда толық шешімді осы жылдың басында қабылдайтынын ескерткен. Енді ол ресми түрде президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.
АҚШ-тың бұрынғы президенті, Республикалық партияның өкілі Дональд Трамп та 2024 жылғы президент сайлауына қатысуға ресми түрде өтініш берген еді. Бірақ оның үстінен президенттік сайлауда алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.