Маңғыстау облысында жер сілкінді
Оның магнитудасы – 4,5
Маңғыстау облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы.
Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:25-те тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы – 10 шақырым тереңдікте, магнитудасы – 4,5, - деп жазылған хабарламада.