ПМХЗ басшылығына қатысты мұнай өңдеу бағасын өсіргені үшін қылмыстық іс қозғалды
Бұған дейін Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры 2 айға қамауға алынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, Павлодар мұнай-химия зауытының үстем жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады.
Нақтырақ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС қызметін ведомствоаралық тексеру шеңберінде 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде зауыттың үстем жағдайын теріс пайдалану дерегі анықталды.
Ведомство мәліметінше, монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдаған.
«31 наурызда Экономикалық тергеу департаменті 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу дерегі бойынша «ПМХЗ» ЖШС басшылығына қатысты (қылмыстық іс қозғалды) соталды тергеуді тіркеді», - делінген ведомство мәліметінде.
Еске салайық, 10 ақпанда Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің ұсталып, екі айға қамауға алынғаны хабарланды.