СҚО-ға шетелдік балаларды заңсыз кіргізгендер тергеуге алынды

Динара Амантай

Балалардың ел аумағында заңды түрде болуын растайтын құжаттары болмады

Фото: Halyq Uni

СҚО-да Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 18 сәуірде СҚО ПД ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерген. Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды.

Балалардың ел аумағында заңды түрде болуын растайтын құжаттары болмаған. Тұрғын үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты, аталған факті 19 сәуірде ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу әрекеттері, анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.