Halyq Uni логотип
×

Қызылордада ер адам ауруханада қайтыс болған соң күдікті ұсталды

Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды

 Халық үні 25.04.2023 | 07:47
Қызылордада ер адам ауруханада қайтыс болған соң күдікті ұсталды
Фото: pexels.com/Kindel Media

24 сәуір күні полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізілді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106 - бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысқа күдіктелген азамат оқиға орнынан бой тасалаған»,- делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн - жайлары анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама