Halyq Uni логотип
×

Ораза ұстаған 39 адам қайтыс болды

Оларды ауыз бекітуге жергілікті дін қызметкері итермелеген

 Халық үні 25.04.2023 | 06:30
Ораза ұстаған 39 адам қайтыс болды
ашық дереккөзден

Кенияның Малинди қаласында аштықтан көз жұмған 39 адамның мәйіті анықталды. Оларды ауыз бекітуге жергілікті дін қызметкері итермелеген.

«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, полиция аштан өлейін деп жатқан тағы 15 тұрғынды тапқан. Алайда олардың 4-уі қайтыс болды. Тұрғындар «Исамен кездесу үшін Пол Макензи есімді пастордың нұсқауы бойынша аш жүргенін» айтады. Дін атын жамылып, адамдарды зорлықпен ораза ұстауға итермелеген азамат қамауға алынды.

Ол мәйіттерді шіркеу аумағына көмген. Дін қызметкері қамауға алынғалы наразылық ретінде аштық жариялаған. 

«Біз адамдардың өзін-өзі өлтіруіне жол бермейміз. Әр шіркеу, мешіт, храм мен синагога ресми тіркелуі тиіс. Біз ведомствоаралық комиссияны мына үлкен аумақты қарап шығуға шақырамыз. Адамдардың мәйіті әлі де табылуы мүмкін», – деді адам құқығын қорғауға атсалысатын белсенді Халид Хусейн. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама