Halyq Uni логотип
×

«Алты жерінен пышақталған»: «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің өліміне қатысты тың дерек шықты

Көршілерінің айтуынша, ол күйеуі өлгелі бірнеше жылдан бері пәтерде жалғыз тұрып келген

 Халық үні 24.04.2023 | 23:50
«Алты жерінен пышақталған»: «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: telegram-канал Патриот

Қарағанды облысында "Арселор Миталл Теміртау" компаниясының заңгерін өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр. Ол 54 жастағы Ирина Эмді пышақтап, қылмысын жасыру үшін пәтерін өртеп кеткен, деп хабарлады КТК телеарнасы.

«Пәтерден алып шыққанда көрдім, түрі аппақ қудай болып кеткен. Үсті-басы қара күйе, үйінің ішінен қара түтін бұрқырып шығып тұрды. Өте жақсы адам еді. Қолынан келген көмегін аямайтын», - дейді марқұмның көршісі Галина Иванова.

Марқұмның пәтері түтіндеп жатқанын көршілері көріп, дереу өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар тұрғындарды түгел далаға шығарған. Сөйтсе, бөлмедегі төсек өртеніпті. Үй иесінің өзі алты жерінен пышақталған. Көршілерінің айтуынша, ол күйеуі өлгелі бірнеше жылдан бері пәтерде жалғыз тұрып келген. 2008 жылдан бері «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының заңгері болған. Әріптестері марқұмды өз ісін жетік меңгерген білікті маман еді дейді. Заңгердің өлімі кәсіби қызметіне қатысты болуы мүмкін деген де болжам бар. Оны тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

«Шахтинск қаласында пәтерде болған өрттен кейін денесінде зорлық- зомбылық белгілері бар азаматшаның мәйіті табылу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы, яғни адам өлтіру дерегіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және қылмысты ашу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр», - дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама