×

Алматы-Өскемен тасжолында 2 адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түсті

Жол апатынан әйел мен бүлдіршін мерт болды

 Халық үні 24.04.2023 | 22:15
ашық дереккөзден

Алматы-Өскемен тасжолында 2 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға түсті.

Оқиға 24 сәуірде Көксу ауданында болды. Алматы-Өскемен автожолының 190-шақырымында Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, машинаның аударылуына жол берді.

Жол апатынан әйел мен бүлдіршін мерт болды. Әртүрлі жарақаттармен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында кәмелетке толмаған үш бала бар.

Оқиға орнында полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.

«Жетісу облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол - қателікті кешірмейді. Жүргізушінің шамалы қателігі қайғылы жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Есіңізде болсын, сіздердің әрқайсыңызды жақындарыңыз үйде күтеді»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама