ЕО Ресейге салынған санкция салдарын қазақстандық шенеуніктерге түсіндіреді
Қазіргі РФ саясаты әлемге қауіп төндіріп отыр
Елордада Еуропалық Одақтың Ресей Федерациясына салынған санкциясы салдары Қазақстан шенеуніктері мен кәсіпкерлеріне түсіндіріледі. Бұл туралы ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астанада біз семинар ұйымдастырып жатырмыз. Бүгін (Ресейге салынған санкцияның салдарын түсіндіру үшін – автор) мемлекеттік қызметкерлерге, ертең жеке сектор өкілдеріне (кәсіпкерлерге) арнайы семинар өтеді. Ондағы мақсат – үшінші мемлекеттерге Еуропалық одақтың салған санкцияларын толық түсіндіру. Қазақстан семинарды бірінші болып өткізу құрметіне ие болып отыр, - деді Дэвид О'Салливан баспасөз мәслихатында.
Арнайы өкіл осы аптаның соңында Өзбекстанға баратынын атап өтті. Оның айтуынша, биыл жаз бен күзде Ресейге салынған санкция салдарын түсіндіру үшін арнайы семинар басқа мемлекеттерде де өтеді.
Ол бүгінде РФ саясаты әлемге қауіп төндіріп отырғанын жеткізді.
Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан кейінгі әлемнің қауіпсіздік архитектурасын түгелдей бұзу болып саналады. Біз Украина халқына толық қолдау көрсетеміз... РФ-ның Украинаға басып кіруі – заң үстемдігіне сай келмейді әрі әлемдегі қауіпсіздік жүйесіне қауіп төндіреді. Сондықтан біз бұрын соңды болмаған санкция салып отырмыз. Ондағы мақсат – Ресейдің соғыс машинасын тоқтату, әскери өнеркәсібін (тоқырату) және озық технологиялардың баруына жол бермеу, - деп сөзін түйіндеді сөзін арнайы өкіл.