Halyq Uni логотип
×

Өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі табылды

Полиция қылмыстық іс қозғады

 Дәурен Ерболат 24.04.2023 | 10:00
Өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі табылды
Фото: volgasib.ru

Шахтинск қаласында өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің денесі табылды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 сәуірде түсте болған.

23 сәуірде сағат 13:01-де Жеңіске 40 жыл көшесінде бес қабатты үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Үйдің жоғарғы қабатында жиһаздар мен заттар өртенген. Өрттің жалпы ауданы – 6 шаршы метр. Оқиға орнынан 1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. Мамандар тұрғын үйден 9 адамды эвакуациялады. Өрт сағат 13:31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 54 жастағы әйелдің денесінен пышақ іздері анықталған. Ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері болған.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды. Бүгінде оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптама тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама