Оңтүстікте найзағай ойнайды
Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын және дауылды ескертуді ұсынды.
Кей аймақтарда күшті жел соғып, тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуінен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды.
«Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», - делінген мәліметте.