Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында мал ауруы тарап жатыр

Ауру жұқпалы болып саналады

 Дәурен Ерболат 23.04.2023 | 09:25
Қарағанды облысында мал ауруы тарап жатыр
Фото: forbes.kz

Ақтоғай ауданындағы қыстақта ірі қарадан қарасан ауруы анықталды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінде Нұрислам қыстағының аумағындағы ірі қара малдың арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын, - деп жазылған Сарышаған кентінің әкімі А.Тойымбеков жариялаған құжатта.

Шектеу 21 сәуірде күшіне енген.

Айта кетейік, қарасан (эмфизематозный карбункул) – малдардың арасында тарайтын жұқпалы ауру. Одан ірі қара өліп кетуі де мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама