23 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Жетісу облысының орталығында -3 градус аяз сақталады
«Қазгидромет» РМК 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қара теңіз аудандарынан шыққан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Түнде Жетісу облысының орталығында -3 градус аяз сақталады.