Halyq Uni логотип
×

Астанада 11-сынып оқушысына өзгелерді бопсалады деген айып тағылды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Серікпаева мәлімдеме жасады

 Халық үні 22.04.2023 | 23:45
Астанада 11-сынып оқушысына өзгелерді бопсалады деген айып тағылды
Фото: Halyq Uni

NeMolchi.kz қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қабырғасында 11-сынып оқушысының бес жыл бойы қыздармен жыныстық қатынаста болғанын, барлық жағдайды видеоға түсіргенін мәлімдеді. НЗМ тек оқудан шығарылған оқушының буллинг жасағанын растады, деп хабарлады orda.kz.

«Астанадағы НЗМ мектебі чатында олар баланы оқудан шығару және мұғалімді жұмыстан шығару мәселесін талқылап жатыр. 11-сынып оқушысы қыздармен жыныстық қарым-қатынасқа түсіп, оны суретке және видеоға түсірген, бұл әрекет бес жылға созылған! Ата-аналар мектептің баланы оқудан, мұғалімді жұмыстан шығарып жібергеніне наразы. Ешкім полицияға арыз жазған жоқ, тергеу жүргізген жоқ, олар жай ғана жұмыстан шығарып, олардан құтылды…», – деп жазады Смаилова Facebook парақшасында.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Серікпаева оның жазбасына жауап берді.

Оның айтуынша, жазбада берілген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Мектептердің бірінде оқушылар арасында буллинг оқиғасы анықталды. Барлық оқушылар мен заңды өкілдерден сауалнама нәтижелері бойынша жыныстық қатынас және зорлық-зомбылық фактілері болмағаны анықталды! Мектеп дереу оқушыларды қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдады. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқиғадан зардап шеккен оқушылар, сондай-ақ олардың заңды өкілдері балалардың психологиялық тепе-теңдігін сақтауды және бұл оқиғаның жарияланбауын сұрады», – деді ол түсініктемеде.

Одан әрі Әсел Серікпаева мектеп барлық қажетті іс-шараларды дереу жүргізгенін айтты. Сөйтіп, ата-анасының өтініші бойынша 11-сынып оқушысы оқудан шығарылып, ал мектеп қызметкері өз еркімен жұмыстан кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама