Оны өтіп бара жатқандар оқиға орнынан 15 шақырым жерде Ертіс жағасынан тауып алған
Семейде Ертіске құлап кеткен 7 жасар баланың денесі табылды.
Қайғылы оқиға 21 сәуірде Семейде болған.
Облыстық төтенше жағдайлар депратаментінің мәліметінше, кеше сағат 19.56-да 112 пультіне аквапарк маңында баланың суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жіберілген.
«21 сәуірде өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылғы бала суға құлап кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, бүгін сағат 09:45-те ұл баланың денесі табылды. Оны өтіп бара жатқандар оқиға орнынан 15 шақырым жерде Ертіс жағасынан тауып алған», - делінген Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Баланы іздеуге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 20 адамы, 6 техника және 3 жүзу нысаны, LIDER.KZ қозғалысының 20 еріктісі, баланың 10 туысы, 50 полиция қызметкері жұмылдырылды.