×

«ҚазТрансГазАймақ» компаниясынан металл құбырларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 22.04.2023 | 09:09
Фото: polisia.kz

Ұлттық компанияның ірі мөлшерде металл құбырларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 сәуірде Индер – Махамбет магистральды газ құбырларын заңсыз шығару арқылы «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ ұлттық компаниясының қорына ірі мөлшерде залал келтірумен байланысты қылмыстық істерді тергеу аясында Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша 1978ж.т., 1984ж.т., 1988ж.т., күдіктілерді анықтап, ұстаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Басқа мәліметтер тергеудің құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама