Көкшетауда эскалаторға аяғын қысып алған әйел бес башпайынан айырылды

Халық үні

Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған

фото: pexels.com

Көкшетауда орталық базар ғимаратында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған. Салдарынан дәрігерлер оның бес башпайын кесуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Агенттіктің мәліметінше, оқыс оқиға Көкшетау қаласы орталық базардағы сауда орталығында болған. Кейін жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізген.

«Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды», - деп хабарлады агенттік тілшісіне телефон арқылы Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.