Halyq Uni логотип
×

Өскемендегі сұлулық салонында процедурадан кейін әйел көз жұмды

Әйел анафилактикалық шоктан қайтыс болуы мүмкін

 Халық үні 21.04.2023 | 21:56
Өскемендегі сұлулық салонында процедурадан кейін әйел көз жұмды
фото: pixabay.com

Өскеменде сұлулық салонында процедура жасатқан әйел жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмған. Қайғылы оқиғаның болғанын Өскемен қалалық прокуратурасы растады, деп хабарлайды Altaynews.

Ведомство мәліметінше, 1962 жылы туған азаматша көзге блефорапластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған.

«Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты болмаса да, көзге арналған процедураны жүргізген. Біраз уақыттан кейін әйелдің жадайы күрт нашарлап, аууханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болған», - деді Өскемен қаласының прокуратурасында.

Алдын ала болжам бойынша әйел анафилактикалық шоктан қайтыс болуы мүмкін. Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері 16 сәуірде Қылмыстық кодекстің 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Осы ретте Өскемен қалалық прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орындарға барған кезде абай болуды ескертеді.

Сондай-ақ прокуратура қызметкерлердің кәсібилігі мен тиісті рұқсаттардың болуына көз жеткізу керектігін де жеткізді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама