Бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды
Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Polisia.kz
Полиция мәліметінше, бұған дейін Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданған әйел, өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп арызданды.
Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.
«Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында», - деді Түркістан облысының полиция департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі Бақтияр Тастанов.