Halyq Uni логотип
×

Отбасының шырқын бұзатындарды жазалауға туыстары кедергі – ІІМ

Үйдегі даудың салдары ауыр болуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 21.04.2023 | 17:22
Отбасының шырқын бұзатындарды жазалауға туыстары кедергі – ІІМ
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда отбасының шырқын бұзып, берекесін алатындарды жазалауға туыстары кедергі болып отыр. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің «Ұрып-соғу» және «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» баптары ойынша қазақстандықтар қудаланса да деректер саны азаймай тұр.

2015-2016 жылдары түскен 100 мыңнан аса хабарлама бойынша кінәлілерге ешқандай жаза қолданылмаған. Заң өзгергенмен үйбұзақылардан зардап шегетіндердің мәселесі шешілген жоқ, - деді министрдің орынбасары Мәжілісте өткен  тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған жиында.

Игорь Лепеханың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегетіндер үйдегі дауды сыртқа айтқысы келмейді. Себебі жәбірленушілер үйдің берекесін алатындардың ақшасына тәуелді. Осылайша, олар жауапқа тартылмайды.

ІІМ шаралар қабылдап жатыр. Түскен деректердің 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің арызын қайтып алуына байланысты шара қолданбады. Қолданыстағы заңнама бойынша, арыз болмаса, полицей «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Жазаға тартылмайтынын білген зорлық көрсетуші «маған бәріне рұқсат» деген түсінікке бой алдырады. Оның салдары да ауыр болады, - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама