Астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды
Жыл басынан бері ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері ел аумағында бірнеше террористік актінің алдын алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оңтүстік аймақтардың бірінде шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террористік актіні жасамақ болып, құзырлы органдар оның алдын алды.
Сонымен қатар, астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.
Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды.
Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді.