×

Ескертуді елемеді: Астанада «Dublin» тұрғын үй кешенін мәжбүрлеп күреу басталды

Тұрғын үй G-Park компаниясына тиесілі

 Айнұр Шошаева 20.04.2023 | 19:30
Фото tengrinews.kz

Астана қаласының әділет департаменті бүгін сот шешімімен күреле бастаған «Dublin» ТК-не қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Halyq uni.

Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Бердібековтің айтуынша, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде «Строй групп Кз 2021» ЖШС өз қаражаты есебінен Астана қаласы, Есіл ауданы Ш.Айтматов пен Т.Молдағалиев көшелерінің қиылысында орналасқан, заңсыз салынған тұрғын үйдің құрылысы мен автотұрақ құрылыстарын бұзуға тиіс болған. Алайда борышкер сот шешімін орындамаған және сот орындаушының ескертулерін елемеген. 

«Аталған сот шешімі Әділет департаментіне тез араза орындау бойынша келіп түсті. Сондықтан департаментің мемлекеттік сот орындаушысымен атқару өндірісі қозғалып, тиісті түрде борышкерге хабарлама берілді. Хабарламада сол соттың шешімін өз кезегінде тиісті мерзімде орындау бойынша ұсыныстар жолданды. Алайда борышкерлер тарапынан сот шешімін орындауға нақты шаралар қолданылып жатқандығы біздің тарапымызға келіп түскен жоқ. Сол себепті Сот орындаушылардың мәртебесі туралы заңға сәйкес, аталған соттың шешімінің талабын орындау өндіріп алушыға тапсырылды. Сол сот орындаушының қаулысы негізінде бүгін әкімдіктің басқармасы және сот орындаушының қатысуымен мәжбүрлі түрде орындау шаралары қолданылды», - деді ол. 

Сондай-ақ ол бүгін сот шешімін мәжбүрлеп орындау кезінде орын алған жағдайды түсіндірді. 

Борышкердің (компания) жұмысшылары әкімшілік тарапынан келген тиегіштің жүргізушісін кіргізбеу үшін оны соққыға жығып, құлатқан. Ол жағдай бойынша полиция тиісті шара қолданды, - деп толықтырды сөзін. 

Сонымен бірге сот шешімін мәжбүрлі түрде орындау неліктен тоқтатылғанын айтып берді. 

Бүгінгі мәжбүрлі орындаудың тоқтатылу себебі, борышкердің тарапынан оны өз еркімен орындайтыны туралы өтініш түсті,-  деді Азамат Бердібеков. 

Оның айтуынша, заң бойынша сот шешімін орындау мерізі екі айдан төрт ай мерзімге дейінгі аралықты қамтиды. 

Айта кетейік, аталған тұрғын үй кешені «G-Park» құрылыс компаниясына тиесілі. Күні кеше компания салып жатқан тағы бір тұрғын үй кешені күрелетіні белгілі болды. 

«Вашингтон» ТК бұзу туралы сот шешімі түскен кезде ол үй тұрғызылған болатын. Сондықтан біз ол үйді бұзу бойынша сот шешімін орындау аясында борышкерге қатысты нақты әкімшілік хаттама толтырдық. Ол сотпен қаралып, сотпен әкішілік айыппұл салынды. Мемлекет пайдасына сот шешімін орындамау бойынша әр күніне кеткен айыппұлын өндіріп жатырмыз. Қазіргі таңда аталған соттың шешімі орындалуда, сот орындаушымен тиісті шара қолданылатын болады», - деді Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Бердібеков. 

Бұған дейін, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов   «G-Park» компаниясы комфорт санаттағы аталған тұрғын үй кешендерін заңсыз салып жатқанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама