Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті
Түркістан облысының полицейлері суару арығынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректерді жинады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9-сынып оқушысының мәйіті арықтан табылған болатын. Күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталды.
Одан кейін аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынып отыр. Ол – жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті.
Бүгінде екеуі де қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады.
Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.