Halyq Uni логотип
×

Қырғызстанда мемлекеттік тіл туралы заң жобасы қабылданды

Қырғыз тілін білмейтіндер мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды

 Дастан Жұмабекұлы 20.04.2023 | 13:53
Қырғызстанда мемлекеттік тіл туралы заң жобасы қабылданды
фото: ашық дереккөз

Қырғыз Республикасының Жогоргу Кенеші (Парламент, – ред.) мемлекеттік тіл туралы заң жобасын қабылдады.

Құжатты депутаттардың көбі қолдады. Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Каныбек Осмоналиевтің айтуынша, енді заң жобасының талабы бойынша мемлекеттік тілді білмейтін адам мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Мемлекетік тілді кемі В1 деңгейінде, яғни орташа дейгейде білетіндер ғана мемлекеттік қызметке тағайындалады.

Сонымен бірге, қырғыз тілін білу деңгейіне қойылатын талап жыл сайын қатая береді.

Еске сала кетсек, Өзбекстан Республикасында мемлекеттік тіл туралы заң 1989 жылы 21 қазанда қабылданған болатын. 2021 жылы 26 маусымда билік ол заңға түзетулер енгізіп, қайта қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама