Halyq Uni логотип
×

«Мина қойылған»: Алматыда 26 мектеп тексерілді

 Қылмыстық іс қозғалды

 Дастан Жұмабекұлы 20.04.2023 | 12:02
«Мина қойылған»: Алматыда 26 мектеп тексерілді
фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаментіне жалпы білім беретін бірнеше мектепке «мина қойылды» деген хабарлама келіп түсті.  

Полицияның хабарлауынша, қазір қаладағы 26 мектепте жарылыс-техникалық зерттеу жүргізіл3п жатыр. Осы сағатта бірнеше мектеп тексерілді. Алайда ақпарат жалған болып шыққан.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жұмыс жалғасып жатыр, – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Қолда бар дерекке қарағанда, дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы жалған ақпарат берген адамға 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі. Одан басқа, күдіктінің қылмыстық ісі дәлелденсе, оны 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге жаза қолданылады немесе ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама