Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында 20 мыңнан аса қорап темекі контрабандасының жолы кесілді

Анықталған жүк процессуалдық шешім кабылдау үшін Меркі ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды

 Динара Амантай 20.04.2023 | 11:39
Жамбыл облысында 20 мыңнан аса қорап темекі контрабандасының жолы кесілді
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Қазақстанға Қырғызстаннан 20 160 қорап темекіні заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 14 сәуірде шекарашылар Жамбыл облысының «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына 20 160 қорап түрлі маркадағы темекі өнімдерінің ірі партиясын заңсыз алып өтудің жолын кескен. Алдын ала есеп бойынша тауар кұны шамамен 5 млн 400 мың теңгені кұрайды.

Анықталған жүк процессуалдық шешім кабылдау үшін Меркі ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.

Сонымен катар, сәуірдің 14-і мен 17-сі күндері Шекара қызметі Жамбыл облысының «Ақсу» және «Кеңес» шекара бөлімшелерінің учаскелерінде мемлекеттік шекараны бұзған Қырғызстанның 3 азаматын ұстады.

Ұсталғандарға катысты тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама