×

Зейнет жасын көтерген Макронның маңдайына жұмыртқа тиді (ВИДЕО)

Бұған дейін де оған лақтырылған жұмыртқа иығына тиген болатын

 Еркеғали Болатұлы 20.04.2023 | 10:57
фото: видеодан скриншот

Франция президенті Эммануэль Макронның Эльзас қаласы тұрғындарымен кездесуінде зейнетақы реформасына қатысты сөзі жұртқа жақпай қалды. Белгісіз біреу мемлекет басшысына тауық жұмыртқасын лақтырған.

Күзетшілер президентті жабуға тырысқанмен, жұмыртқа оның маңдайына дәл тиген.

Айта кетсек, Франция президенті мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2021 жылдың қыркүйегінде Лиондағы халықаралық тамақтандыру және қонақжайлылық жәрмеңкесі аясында көрмені аралап бара жатқанда да оған лақтырылған жұмыртқа иығына тиген еді.

Бұл жолы Эммануэль Макрон зейнет жасын 64-ке дейін көтеруді көздейтін зейнетақы реформасы туралы заң жобасына қол қойған болатын. Оны Франция азаматтары теріс қабылдап, елде ондаған митинг өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама