Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысының ауыл тұрғындарына 2,5 мыңға жуық мал берілді

Өңірде «Ауыл аманаты» жобасын белсенді іске асырылып жатыр

 Динара Амантай 20.04.2023 | 10:18
Ақтөбе облысының ауыл тұрғындарына 2,5 мыңға жуық мал берілді
Фото: Ақтөбе обл. әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 192 отбасыға 2,5 мыңға жуық мал берілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы белсенді іске асырылып жатыр. Бұл – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, ауылдық аумақтарды инфрақұрылымдық дамытуға, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға бағытталған кешенді жоба.

Жобаның бірінші бағыты аясында ауыл тұрғындарына жеке қосалқы шаруашылықтар базасында ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, өнімді қайта өңдеуді жолға қою және кооперативтерді жарақтандыру үшін ауылдық жылжымайтын мүлік кепілімен жеңілдетілген несие беріледі.

Бұдан өзге, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен жобаға тауарлық несие беру енгізілді. Яғни ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл тұрғындарына ірі және ұсақ мал, жылқы береді.

Бүгінде облыстың елді мекендерінде тұратын 192 отбасыға 2,5 мыңға жуық мал берілді. Қарыз бірнеше жыл ішінде төлмен қайтарылады. Мысалы, 5 жыл ішінде 1 сиырға 3 бұзаудан қайтару керек. Осы шартты орындау кезінде тауарлық қарыз өтеледі. Бұл – жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, отбасы үшін жаңа табыс көздерін ашуға жақсы мүмкіндік. Түрлі тәуекелдердің алдын-алу мақсатында мал беру кезінде сақтандырылып, шарт жасалады.

Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларына тауарлық несие ретінде өнімділігі жоғары 6 мың бас асылтұқымды мал беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама