Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеуде
Павлодар облысында «Тұрсын» шаруа қожалығының маңында қардан 16 сәуірде жоғалып кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіті табылды, деп хабарлайды polisia.kz.
Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. СМЭ тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен далада жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге шыққан. Сағат 19.00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күтеді. Әйелі оралмаған соң, ер адам полицияға жүгінген.
Полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қ. ПБ жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар. Іздеу жақын маңдағы елді мекендердің дала алқаптарында жүргізілді. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді.