Halyq Uni логотип
×

Астанада құрылыс краны құлады (ВИДЕО)

Апат шамадан тыс жүктеменің кесірінен болған

 Дастан Жұмабекұлы 19.04.2023 | 16:02
Астанада құрылыс краны құлады (ВИДЕО)
фото: gov.kz

Астанада құрылыс краны қақ бөлініп құлады. Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы astana_pokazhet парақшасында жарияланды.

Кран үйге құлады. Одан зардап шеккен ешкім жоқ шығар, – делінген ақпаратта.

Осы оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті мәлімет таратты. Ведомствоның хабарлауынша, апат шамадан тыс жүктеменің кесірінен болған.

2023 жылғы 19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астана қаласындағы Ақын Сара көшесінде орналасқан 53 учаскеде Inshaat Invest ЖШС-нің «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды (кран иесі – «ИП Капитал»). Кран құлағанда ешкім зардап шеккен жоқ, – делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тиісті комиссия құрылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама