Өзгерістер тұтынушылардың құқығын қорғайды
Қазақстандағы жанармай құю станцияларына (ЖҚС) бақылау күшейеді. Бұл туралы СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, ЖҚС отын берілетін колонкаларды тексеріп, қазақстандықтарға бензиннің толық берілуін бақылауға міндетті болады.
Энергетика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Мемлекеттік реттеуге қатысты өлшемдер тізбесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Тұтынушылардың құқығын қорғау үшін жанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің көлемі өлшеніп, тексеріледі.
Осы өзгерістердің сәйкес аккредиттелген зертханалар бағандарды ± 0,4% қателік шегіне сәйкес тексеруі керек. Мысалы, жүргізуші өз резервуарына 30 литр бензин құйса, баған 120 мл-ден аспайтын қателігі бар отын мөлшерін беруге тиіс», - деді Қуаныш Елікбаев.
Басшының айтуынша, ЖҚС-тың талаптарды сақтауы мемлекеттік бақылауда болады.
Жүргізушілер қорықпай, өздері қалаған мөлшерде бензинді сатып ала алады. Осылайша, отынды белгіленген мөлшерден аз құю фактісі жойылады, - деді комитет төрағасы.