Танкіге қарсы оқу минасы жойылды
Петропавл қаласының тұрғыны тот басқан металды өткен сенбі күні кешкісін тауып алған. Зейнеткер Жамбыл көшесінің бойындағы ағаштардың арасында жатқан күдік тудырған зат жайлы жақын маңдағы учаскелік полиция бөліміне хабар берген.
Оқиға орнына СҚО полиция департаментінің қызметкерлері шұғыл жетіп, аумақ бірден қоршауға алынған. Тиісті қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды.
Тексеру кезінде танкіге қарсы қолданылатын минаға ұқсас затты бірден анықтау мүмкін болмаған. Себебі ол әбдет тот басып қалған. Кейінірек мамандар оның оқу минасы екендігін растады. Минаның сыртанда таңбаланған жазу әбден көмескі тартқан. Сондықтан минаның нақты қай жылы шыққанын білу мүмкін емес. Жарылғыш зат 66/37 әскери бөлімінің полигонында жойылды.