×

Ономастикалық комиссия жаңадан құрылатын облыстардың атауын бекітті

Қазақстанда жаңадан үш облыс құрылады

 Айнұр Шошаева 11.04.2022 | 17:05
коллаж: Halyq Uni

Республикалық ономастика комиссиясы жаңадан құрылатын облыстарға Абай, Жетісу, Ұлытау атауын беру туралы шешімді бірауыздан қолдады. Бұл туралы комиссия мүшесі, Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы жазды.

«Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңадан құрылып жатқан облыстарға Абай, Жетісу, Ұлытау атауларын беру туралы шешімді комиссия мүшелері бірауыздан мақұлдады. Қабылданған тарихи шешім құтты болсын», - деп жазды сенатор.  

Еске сала кетейік, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге байланысты айта келе, Семей аймағында Абай облысын, ал бұрынғы Жезқазған облысы аумағында Ұлытау облысын құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ Алматы агломерациясына қатысты түйткілдерді шешу үшін Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды.

«Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады… Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын. Мен мұның бәрін азаматтардың ұсыныс, пікірлеріне сүйеніп айтып отырмын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады деп санаймын», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама