Оның қорытындысында әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі
Дзюдодан Катардың астанасы – Доха қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.
Дзюдо федерациясының мәліметінше, әлем чемпионаты 7-14 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған.
Қазір ұлттық құраманың балуандары әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
Катарда өтетін әлем чемпионатына мына спортшылар қатысады:
Ерлер:
60 кг: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев
73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев
81 кг: Абылайхан Жұбаназар
90 кг: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)
100 кг: Нұрлыхан Шархан
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Ғалымжан Қырықбай
Әйелдер:
48 кг: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 кг: Толғанай Әбеуова
57 кг: Бақыт Құсақбаева
63 кг: Эсмигуль Куюлова
70 кг: Анастасия Маякова
78 кг: Аруна Жангельдина
78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.
Катарда жалауы желбірейтін әлем чемпионаты – 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада алдындағы соңғы чемпионат. Оның қорытындысы бойынша спортшылардың әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі.
Әлем чемпионы – 2000, күміс жүлдегер – 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпай алады.