Қазақстандық оқушылар халықаралық математика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды

Динара Амантай

Білім додасына әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан құрама командасы Словенияның Порторож қаласында өткен қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадасында (EGMO) төрт медальға ие болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиада 13-19 сәуір аралығында өтті. Онда әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты. Еліміздің намысын Астана мен Алматы қалаларынан және Павлодар облысынан төрт оқушы қорғады. Қатысушылар математикадан жеке тапсырмалар орындап, қорытынды бойынша төрт оқушы да орын алды.

Атап айтқанда, Мерей Темирзинова (Астана қаласы) – күміс медаль; Анастасия Одинцова (Павлодар облысы) – күміс медаль; Ақерке Нурахметова (Алматы қаласы) – күміс медаль және Амира Кенбаева (Алматы қаласы) қола медаль алды.

Айта кетсек, Қазақстан Еуропалық математикалық олимпиадасына 2017 жылдан бері қатысып келеді.