Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында ПД-дан ұрланған қару-жарақ табылды
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды
Жамбыл облысында қару сақталған орын табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылындағы қараусыз қалған зауыттың аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар орынды тапты. Полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі МР-446 тапаншасын, сондай-ақ 16 калибрлі ИЖ бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18-Е бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18 аңшылық мылтықты, Ф-10 жауынгерлік сынық гранатаны, жарық-шу гранатасын, қорғаныс кеудешені, 5,45х39 мм калибрлі 200 патронды тәркіледі.
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.