Кейбір өлшеу құралдары 4 айдан аса уақыт бойы тексерілмеген
Петропавл қаласының прокуратурасы «СевКазЭнерго» екінші жылу электр орталығының Сауда интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті белгілеген талаптарға сәйкес тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын қолданып келгенін анықтады.
Прокуратураның хабарлауынша, кейбір өлшеу құралдары 4 айдан аса уақыт бойы тексерілмеген. Олардың арасында жылу есептегіштер, дозатор, термометр және басқа да заттар бар.
Энергетикалық кәсіпорындардағы барлық технологиялық процестерді – энергияны өндіру, тасымалдау және есепке алу режимдерін бақылау үшін әртүрлі жұмыс принципінің құралдарын қолдана отырып, әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу және тіркеу қажет. Өлшем құралдарын тексерусіз қолдану «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңын бұзу болып саналады.
Осы талаптар ескерілмесе, 1 600 АЕК (5 520 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, – делінген хабарламада.
Петропавл қаласы прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде департамент қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.
Қысқартылған өндіріс тәртібінде бұзушылық жасау фактісін мойындауға байланысты кәсіпорын 50% (2 760 мың теңге) мөлшерінде айыппұл төледі.