Ұсталған адам кінәсін мойындады
Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тея атты қызметтік-іздестіру итін пайдаланып, марихуананы сақтаған 55 жастағы ер адамды ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде үйдің шатырынан жалпы салмағы 9 келі 13 грамм болатын кептірілген марихуана табылды.
Ұсталған адам кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау») және ҚР ҚК 297-бабының 3- бөлігі («Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.