Жоспарды іске асыру наурызда өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы болып табылады
Ұлттық ойындар қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу жоспарына енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» іс-шаралар жоспарын ұсынды.
Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараға қатысады. Жоспарды іске асыру наурызда оқушылар арасында өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы болып табылады. Барлық іс-шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған, - деп атап өтті білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.
Айта кетейік, іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі:
Қыркүйек – «Сергіту сәті»;
Қазан – «Әнұран айту»;
Қараша – «Асық ату»;
Желтоқсан – «Шығарма жазу: болашаққа хат»;
Қаңтар – «Қазақ есебі»;
Ақпан – «Оқуға құштар мектеп»;
Наурыз – «Домбырашылар»;
Сәуір – «Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны»;
Мамыр – «Жасыл мекен».