Қазмұнайгаз басшысы қызметінен кетті
Бұл лауазымда Алик Айдарбаев болған еді
Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшысы қызметінен кетті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев өз өтініші бойынша отставкаға кету туралы өтініш берді, – деді «Самұрық-Қазына» АҚ.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Айдарбаев пен оның командасына атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді. Қор басшысы Айдарбаев ұзақ жылдар бойы осы саладағы еселі қызметімен Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына орасан зор үлес қосқанын атап өтті.
«ҚазМұнайГаздың» жаңа басшысы (міндетін атқарушы) - Құрманғазы Есқазиев. Ол көп жыл «ҚазМұнайГаз« ұлттық компаниясында түрлі қызмет атқарған. 2020 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры. 2022 жылғы ақпаннан «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.