×

ҰҚК денесі Қырғызстаннан табылған сарбазға қатысты ақпарат таратты

Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық белгілері жоқ

 Ербол Тұрымбет 11.04.2022 | 13:11
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі денесі Қырғызстаннан табылған сарбаздың қазасы туралы ақпарат берді.

10 сәуірде Шекара қызметі 2 наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішовті іздеу барысында оның мәйітін тапты.

Жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтыған, оның ішінде Бердішовтің келген туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шараларының елеулі кешені іске асырылды.

Мемлекеттік шекараны ықтимал кесіп өтуін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосы хабардар етілген.

9 сәуірде Қырғызстан шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады.

10 сәуірде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен табылған заттардың орнын қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Ұ.А. Бердішовтің мәйіті табылды. 

Осы факт бойынша Қырғыз республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады. Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ, - делінген хабарламада.  

11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды. Шекара қызметі оларға барлық жағынан, оның ішінде жерлеу іс-шарасын ұйымдастыру бойынша қажетті қолдау көрсетіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама