Талғар және Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 2 ер адам өлі табылды

Халық үні

Екеуі де өлі табылды

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Талғар және Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 2 ер адам өлі табылды, деп хабарлады LIDER.KZ Instagram-дағы парақшасында.

1980 жылғы Орлов Денис Александрович 11 сәуірде жоғалып кеткен. Ер адам Алматы облысы Талғар қаласындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған.15 сәуірде өлі табылды. Өлім себебі белгісіз.

1960 жылғы Закиров Ринат Фатихұлы 14 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған.  

Бірнеше сағаттан соң өзеннен ер адамның жеке заттары табылды. Кейін мәйіті табылды.