Halyq Uni логотип
×

3 өңірде жол жабылды

 Халық үні 16.04.2023 | 21:27
3 өңірде жол жабылды
ашық дереккөзден

Күн райының нашарлауына байланысты екі өңірде трасса жабылды, деп хабарлайды Қазавтожол.

«Ауа райының күрт нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, жел) «Астана қаласы – Қарағанды облысының шекарасы» және «Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы» бағыттары жабық», - делінген компания мәліметінде.

Жаңбыр, қар, қатты жел және көктайғаққа байланысты барлық көлік түрлеріне жабылған Астанадан шығатын жолдар:

- республикалық маңызы бар (Астана-Қорғалжын тасжолының 19-124 шақырым аралығы), «Астана қаласы – Қорғалжын ауданы» учаскесі;

- республикалық маңызы бар (Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы трассасы, 1291-1353 шақырым аралығы), «Астана қаласы –Анар бекеті» учаскесі;

- республикалық маңызы бар (Астана – Ерейментау – Шідерті тасжолының 16-200 шақырым аралығы) «Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы» учаскесі.

Сағат 19:30-де Қостанай облысында боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты (А-16 «Жезқазған - Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы) Арқалық қаласынан - Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске барлық транспорт үшін жабылды.

Сондай-ақ Қазавтожолдың Қызылорда облысы бойынша филиалынан мәлім еткендей, Ақтөбе облысындағы көктайғақ пен қатты желге байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданы орталығына дейін) барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама