×

Алматыдан 377 шақырым қашықтықта 4 балдық жер сілкінісі болды

Эпиорталығы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан

 Халық үні 16.04.2023 | 19:15
ашық дереккөзден

Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС.

Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 16:12-де тіркелген.

Эпиорталығы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.8. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 45.27° с.е. және 80.67° ш.б. Тереңдігі - 15 км.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама