Өндірістік және тұрмыстық өрттен биыл 3 айда 120 адам қаза тапқан
Түркістанда көрікті жерлерді аралап, саяхаттауға арналған 14 электромобиль өртеніп кетті.
Оқиға бүгін сағат 04:17-де болған. «Яссы нұр» серіктестігіне тиесілі 216 шаршы метр бастырма және сол жердегі 14 электромобиль отқа оранған. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 04:47-де сөндірген.
Адамдар аман. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жалпы, ТЖМ есебі бойынша елде тіркелген оқиғалардың 96,5%-ы – осындай техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
«Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі – өндірістік және тұрмыстық өрттер. Олардың көлемі – 88,6%. 2023 жылғы 3 айда 2 304 өрт болды. Одан 199 адам зардап шегіп, 120 адам қаза тапты. Материалдық шығын – 703,59 млн теңге», - деп көрсетілген ведомство мәліметінде.