×

Бүгін Алматы қаласының маңында тағы да жер сілкінді

MPV магнитудасы 3,8 болды

 Ая Өміртай 16.04.2023 | 12:03
фото: ujnosahalinsk.bezformata.com

Алматы маңында тағы да жер сілкінісі болды деп хабарлады Halyq Uni.

Бұл жолы жерасты дүмпулері Алматыдан 43 шақырым жерде тіркелді.

Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен 2023 жылғы 16 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 08:55-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы қаладан шығысқа қарай 43 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағындағы Алматы қаласы, - деп хабарлады қалалық ҚҰҰ кезекші операторы.

MPV магнитудасы 3,8 болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.2, тереңдігі – 5 шақырым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама