×

Семейде оқушы қыз соққыға жығылды (ВИДЕО)

Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

 Халық үні 16.04.2023 | 07:25
фото: видеодан скриншот

Семейде оқушы қыз соққыға жығылды. Полицияға оның құрдастары – өзге оқушы қыздар ата-аналарымен бірге жеткізілді, деп хабарлайды polisia.kz. 

Полицейлер Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында видеожазба анықтаған. Онда қала мектептерінің бірінде оқитын оқушы қыздар өзге оқушы қызға дене жарақатын салып жатқан.

«Оқиға 10 сәуір күні Семей қаласында болған.

Бүгін, яғни 15 сәуір осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.

Сондай-ақ полицейлер көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама