«Назарбаевтың ұлы министрдің қызына үйленді»: ведомство жауап берді (ВИДЕО)
Бүгін әлеуметтік желіде видео тарады
Энергетика министрлігі әлеуметтік желіде пайда болған ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің қызы туралы видеоға қатысты пікір білдірді.
Әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: Энергетика министрінің қызы видеоға түскен сыныптасымен жеке қарым-қатынаста емес. Алмасадам Сәтқалиев тұңғыш президенттің туысы емес және туыстық қатынаста болмаған, - делінген Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ ведомство жалған ақпарат таратқандардың заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.