Halyq Uni логотип
×

Ақтауда лауазымды полицейдің қоластындағыларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған

Жанжалдың себебі белгісіз

 Халық үні 15.04.2023 | 19:54
Ақтауда лауазымды полицейдің қоластындағыларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған
фото: видеодан скриншот

Ақтауда полиция бастығының орынбасары қызметкерін ұрып-соққан. Осыған байланысты қызметтік тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеоның сипаттамасында Шынболат Дәрібаевтың қарамағындағы қызметкерлі соққыға жығып жатқаны айтылады. Жанжалдың себебі белгісіз. Қызметтік тергеу басталған.

«Маңғыстау облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясы қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатыр», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама